Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1424

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы Ұлттық жиналасының төрағасы Мұстафа Шентопты қабылдады. Мейман Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанның жылы лебізін жеткізді. Ал, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттер арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті. Сондай-ақ, биыл қос мемлекеттің стратегиялық серіктестігіне 10 жыл. Осыны еске салған Елбасы  елдер арасында  тығыз саяси қатынас қалыптасқанын айтты.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Кейінгі 32 жылдың ішінде Тұрғыт Озал мырзадан бастап, барлық түрік иелерінің басшысымен мен кездесіп қарым-қатынас жасасып келе жатырмын. Қолдан келгенше Түрік - Қазақстан арасындағы қатынасты жандандыруға ат салыстым. Қазір қарым-қатынасымыз өте сенімді.

Б. Сатуов