Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір салада жүрген егіздер

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1682

Бір салада жүрген егіздер. Елорданың ішкі істер басқармасында мұндай ағайындылар жетерлік. Солардың бірі - Сарыарқа аудандық полиция басқармасындағы Ербол-Ерлан Қасымхановтар. Тәртіп сақшыларының осы қызметте жүргеніне үш жылға жуықтаған.  «Еңбек күні» қарсаңында  тілшіміз Асылбек Данияр  әріптес бауырлармен тілдесті.

Ағайынды Ербол мен Ерлан -24 жаста. Олар қаладағы учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Екеуі бір салада, бір қалада, тек жұмыс істейтін бөлімдері бөлек. Бірақ, мақсат бір.  Тұрғындардың тыныштығын күзету,   тығыз байланыста болу.   Олар-Қасымхановтар отбасындағы алғашқы полицейлер.

Ерлан ҚАСЫМХАНОВ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Бала кездегі арманы әскери адам болу. Форма кию, отанды қорғау, отанды сүю, елге халыққа қызмет ету. Балабақшадан бастап біргеміз,  содан кейін әдетке айналған ғой. Сосын бірге кеттік. Иә, тыныштау, үйреніп қалдық. Бірақ қиында сәттер болады, бәріне үйренесің.

Егіздің үлкені Ербол Сарыарқа аудандық полиция басқармасы, №30 учаскенің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты. Айтуынша, бұл салаға келуді мектепте жүргенде армандапты. Оған түрткі болған әскери фильмдер мен сериалдар, дейді. Жас мамандар күнделікті бір-бірімен ақылдасып жұмыс істейтінін айтты.

Ербол ҚАСЫМХАНОВ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Біздің негізгі жұмысымыз учаске полиция инспекторы адамдармен қарым-қатынаста болу. Мысалға айтып кетсек, көршілер шулайды немесе кейбіреулер әйелін ұрады. Сол бойынша біз шара қолданамыз.

Қос бауырдың алға қойған жоспарлары мен мақсаттары жетерлік. Соның бірі -  капитан шеніне   көтерілу. Сондай-ақ болашақта үйлену тойларын бір күнде өткізіп,   балаларының да әке жолын жалғастырғанын қалайды. Айта кету керек, пандемия кезінде құқық қорғау саласының қызметкерлеріне аса ауыр жүк артылды. Өкінішке қарай,  6,5 мың тәртіп сақшысы коронавирусқа шалдығып, 25-і қайтыс болды. Олар 32 мыңдай вирус жұқтырғандарды іздеу шараларына қатысты.  

А. Данияр