Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы жалғасуда

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1938

Елордада «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы аясында, шахматтан қалалық турнир ұйымдастырылды. Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған. Жобаның басты мақсаты жастар арасындағы бәсекеге қабілеттілікті, зияткерлікті арттыру, жүйелі және стратегиялық ойлауға үйрету болып табылады.

Турнир қаладағы "Жетісу" саябағында ұйымдастырылды. Жобаға мектеп оқушылары, ЖОО-ның студенттері, Жас сарбаз тәрбиеленушілері мен NEET санаттағы жастар тартылған. Ұйымдастырушылар олар осы сайыс арқылы өз шеберлігін шыңдай алады-дейді.

Қадырбек, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Мен ойлағам қиын болатын шығар деп. Бірақ келдім осында бәрі ұнап тұр негізі. Ұйымдастырушылар өте күшті адамдар. Жақсы түсіндіреді екен. Ал менің партнерларым күшті деп ойламын өйткені олармен сөйлесе алдым, жаңа достар пайда болды.


Шахмат - бұл ақыл-ойды сынға салатын спорт түрі. Ол ойыншының интеллектісін арттырып қана қоймай, логикасын, зейінін және жылдам ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Ерлан ДӘКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жастарымызды жігерлендіреді. Екіншіден Бос уақыттарын тиімді пайдалануға және де бұл жобадан балаларымыз үлкен мол тәжірибе алып, өздерін биіктен әліде көрсетуге ынталандырады. Енді осы жоба арқылы бізде ертең болашақта өзіміздің ел намысын қорғайтын үлкен чемпиондарымызды дайындауға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Айта кетейік, зияткерлік ойындар жобасы елордада бірнеше спорт түрлерінен турнирлер ұйымдастырып келеді. Оның ішінде ұлттық ойын - тоғызқұмалақ та бар.

Арайлым САПАРӘЛІ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жобаның мақсаты жастар арасында мәдени бұқаралық спортты дамыту.Карантиндік нормаларды сақтай отырып, жастар арасындағы ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін тоғызқұмалақ ойындарын Жастар арасындағы спорттың ауқымды дамуы үшін  бағытталған.

Жобаның кезекті бөлімі кибер спорт түрлеріне арналмақ. Ол қазан, қараша айларына жоспарланып отыр.  

Б. Сатуов