«Nur otan» партиясының депутаттары екі аяғынан айырылған жанға қол ұшын созды. Павлодарлық Берік Әлжанов осыдан 8 жыл бұрын тағдыр сынына ұшыраған. Бірақ жігіт ағасы бұған мойымастан жүзумен айналысады. Бұрын жасалған жасанды аяқ протезі әбден ескіріп, жүруге қиындық тудырған соң ол қайырымды жандардан көмек сұраған еді.
Берік Әлжанов спортпен жас кезінен бастап айналысқан. Аяғынан айырылмай тұрып, бокспен шұғылданды. Алайда, мүгедек арбасына таңылғаннан кейін басқа спортқа ауысқан. Суда жүзуді жанына серік етті. Бірақ протез аяғы ескіріп, суда еркін жүзу қиындады. Ал жаңасын алуға оның шамасы келмейді. Жасанды аяқтың құны -2 млн. теңге. Спортшы амалсыздан облыс басшылығынан көмек сұрап, хат жазыпты. Мүмкіндігі шектеулі жанның мәселесін шешуге жергілікті депутаттар белсенділік танытты.
Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Берік бұл протезге тез үйреніп кетеді деп ойлаймыз. Мамандар екі апта ішінде үйренісіп кетуге болатынын айтып жатыр. Бұл спортшыға үлкен қолдау болды. Біздің депутаттар корпусы үлкен игі іс жасады.
Берік аймақ намысын қорғау үшін Нұр-Сұлтан қаласына аттанды. Республикалық спартакиадаға дайындалады. Спортшы аяғынан нық тұруға қол үшін созған қайырымды жандарға алғысын білдірді.
Берік ӘЛЖАНОВ, СПОРТШЫ:
Шынымды айтсам мұндайды күткен жоқпын. Протезге ақша табылды дегенде қатты қуандым. Тіпті, протезді өлшеуге шақырғанда өз-өзіме сенбедім. Барлығына алғысымды айтам.
«Nur otan»-дықтар протезді таңдау мүмкіндігін Беріктің өзіне берді. Елін сүйетін ер туған жері Павлодардағы емханаларды таңдады.
Ө. Қуанар