Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық IT-шешімдер мен елорданың цирфлық жобалары Түркі кеңесіне таныстырылды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2021
  • 1313

Елде 5G жүйесі қашан іске қосылатыны белгілі болды. Бұл туралы бүгін елорда да өткен өңіраралық форумда белгілі болды. Түркі кеңесі өкілдерінің қатысуымен өткен «Smart Сity Nur-Sultan» форумында IT саласының қазіргі ахуалы да талқыланды. Сонымен қатар, жаңадан әзірленіп жатқан айти жобалармен танысты. Толығырақ әріптесімнің материалында.

Бүгінгі өңіраралық форумда отандық IT жобаларды шетелдік нарыққа шығару үшін «Қазақтелекомның" атқарып жатқан кешенді жұмыстары таныстырылды. I-komek, Сергек, Гео-ақпараттық портал және телемедициналық жобалар көпшіліктің қызығушылығын туғызды.  Бұл кейстер жоғары сұранысқа ие.    

Ботагөз ҚАСАБЕК, НҰР-СҰЛТАН қ. ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сергекке сураныс коп. Себебі арбир қала болсын өңір болсын ен бастысы сергек жолда жургендер болсын, жургизушылер болсын тәртіпке үйретеді. Егер жолда тартип болса адам өлімі азыракқ.

5G интернет жүйесі қазір Түркістан облысында тестілеуден өтіп жатыр. Келесі айдан бастап Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сынақтан өткізу жоспарланған. Акционерлік қоғам директоры Нұрлан Мейірмановтың айтуынша, кез келген қаланы «ақылды» етуге мүмкіндік беретін технологияларға және цифрлық жобаларға сұраныс жоғары.

Нұрлан МЕЙІРМАНОВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Елімізде 5джи жүйесін 100 пайызға іске қосу үшін 1 жарым жылдана са уақыт керек. Ол қазір рол-аут сатысында тұр. Бұл жұмыс біраз уақытты қажет етеді. 4 джи-дің өзі әлі күнге рол аут сатысында тур.

Айта кетейік, «Қазақтелеком» АҚ Ақмола облысы Ақкөл қаласында «ақылды қала» жобасын жүзеге асырған болатын. Ол Қазақстанда бірінші болып Smart City мәртебесіне ие болды. Қазіргі таңда «Ақылды қала» жобасы еліміздің батысындағы – Жаңаөзен қаласында іске асырылуда. Алқалы жиынға қатысуышаларға «Интеллектуалды көлік жүйесі», яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы таныстырылды. Мектептер мен университеттерді бақылаудың жаңа технология ұсынылды.

Д. Жарқынбек