Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық шаруалар көктемгі егіс жұмысына керекті қаражатты несиелік корпорациялар арқылы алатын болды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2017
  • 4301

Қазақстандық шаруалар көктемгі егіс жұмысына керекті қаражатты несиелік корпорациялар арқылы алатын болды. Осылайша бұған дейін әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі арқылы қаржыландырылған қожалықтар мен фермалар екінші деңгейлі банктерге жүгінетін болды. Бұған диқандардың әлеуметтік корпорация алдындағы қарызы себеп болып отыр. Қазірде үкіметке қайтарылмаған қаражаттың жалпы көлемі 1,9 миллиардқа жеткен. Дегенмен, бұл өзгеріске дайын болмай шыққан шаруалар, егістік жұмыстарына ақша таппай, абдырап қалған болатын. Бұл жаңашылдықтың басты пайдасы - төмендетілген пайыз, - дейді мамандар.

Азамат Хамиев, ҚР АШМ инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары:

1,9 миллиардқа жақын ақша - былтырғыдан бері қайтарылмаған ақша. Ол бірінші себебі. Енді екінші себебі - осы мәселе оларға не свойственно және убыточный бизнес, былай айтсақ. Яғни жыл сайын осы кепілге түскенде әлеуметтік корпорация минусқа түседі. Сондықтан осындай шешім қабылданған болатын.