Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жаңа мектеп өз президентін таңдамақ

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2021
  • 1168

Елордада жуырда ашылған гуманитарлық бағыттағы жаңа мектеп, өз президентін таңдамақ. Оған бақ сынауға үміткерлердің қарасы қалың. Нөмірі 91-ші гимназия мектебінде 1200 бала бар. Олар екі тілде білім алуда. Оқушылары арасынан алты үміткер бақ сынамақ. Додаға қатысушылар білім беру жүйесін дамытуға өз үлестерін қосқылары келеді. Өзара сайыстан сәтті өткені, басқа мектептердің президенттерімен пікірсайысқа қатысуға жолдама алады.

Санель ҚАЛҚАМАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №91 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 10 «А» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Мақсатым - мектебімізді тек білім беру бағытында ғана емес, мәдени бағытта да дамыту.  Мен мектебіміздің әрбір дарынды оқушысының дамуына үлес қосқым келеді. Әртүрлі үйірмелер ашамын деген көптеген жоспарлар бар. Біз мектеп ансамблі, оркестр ашып, сонымен қатар спорттық шаралар өткізбекпіз.

Гүлнар АХМЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №91 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Біздің сайлау 30 қыркүйекте өтеді, біз комиссия құрдық, оның құрамына қамқоршылық кеңестің мүшесі, төртінші сыныптан бастап  оқушылар кіреді.  Бізде әлеуметтік педагог, психологтар бар, олар қаншалықты әділетті, қаншалықты жақсы болатынын бақылайды.  Яғни, мұның бәрі ойластырылған.


А. Базарбай