Русский Сайттың толық нұсқасы

Алексей Цой қоғамдық қабылдау өткізді

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2021
  • 1574

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтардың  жеке мәселелерін тыңдады. Тұрғындар  бейнебайланыс арқылы  министрге талап арыздарын жеткізді. Солардың бірі- елорда тұрғыны Александр Шевченко 8 жасар қызы Аринаның ес-түссіз жан-сақтау бөлімінде жатқанын айтып, көмек сұрады.

Александр ШЕВЧЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 
Біздің қызымызға Энцефалит диагнозы қойылған. Қызымыз тіпті еркін тыныс ала алмайды деген, алайда қазір қызым өздігінен тыныстап жатыр. Министр мырзадан өтінерім  өз бақылауына алуын сұраймын.

Алексей Цой баласы үшін шырқыраған әкенің өтініші жерде қалмайтынын айтты.   Республикалық консилиум құрылып, тиісті көмек көрсетіледі деді.  

Александр ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Сіздің қызыңыздың жағдайын көрдік, республикалық тексеріс жасап, консилиум құрылатын болады. Қызыңызға қандай және қалай көмектесетініміз туралы шешім қабылдайтын боламыз.

Қоғамдық қабылдауға 33 адам жазылған.  Олар дәрі-дәрмектің қымбаттығын, емханалардың қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып  шағымданды. Әрбір сұрақ  бойынша сала мамандарына нақты  тапсырма берілді. Министр   мәселелердің ешқайсысы  назардан тыс қалмайды деді.   

Ә. Дүкембаева