Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі шақалақ мәйітінің ауыстырылуына қатысты арнайы комиссия құрылмақ

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2017
  • 2838

Шымкентте шақалақтардың мәйітін ауыстыруға қатысты арнайы комиссия құрылмақ. Оның құрамына Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық орталықтың өкілдері кіретін болады. Бұл аймақта тіркелген бірінші оқиға көрінеді. Мұны, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап, Қазинформ хабарлады.

Айта кетейік, Шымкенттегі нөмірі 4-ші облыстық перинаталдық орталықта шетінеп кеткен 8 айлық нәрестесінің мәйітін алып кеткен Айжан Кенжетайқызы баласының мәйітін ауыстырып жібергенін айтқан болатын. Тіпті оның жынысы мен нәсілі де басқа болып шыққан. Олар мұны шақалақты жерлеу кезінде бір-ақ білген. Ал перинаталдық орталық жауаптыларды анықтап, жазаға тартатындарын мәлімдеді. Дегенмен, баланың әкесі бұл іс бойынша құқыққорғау органдарына арызданған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ