Русский Сайттың толық нұсқасы

Токқа түсіп, жазым болған оралдық жұмысшының қазасына жұмыс беруші жауапты – БҚО ПД

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2021
  • 2470

Оралда 26 жастағы жұмысшы тоққа түсіп, көз жұмды. Оқыс оқиға  қала шетіндегі өндірістік аймақта болған. Темір жол бойындағы жүк вагондарын пломбалап жатқан ол абайсызда электр сымына тиіп кеткен.  Тоққа түскен жігіт сол жерде жан тапсырды.  Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше,  азаматтың қазасына жұмыс беруші жауап береді.  
 
Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Қазіргі таңда ҚР ҚК 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл жерде мекеме басшылығына еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деген айып тағылып отыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.


Е. Карин