Русский Сайттың толық нұсқасы

QazVac мұсылман елдеріне гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін болды

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2021
  • 1384

Қазақстан коронаврусқа қарсы жасалған отандық вакцинаны шетелге гуманитарлық көмек ретінде жібереді. Мұны бүгін Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт жұмысымен танысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Зауыт мамандарының мәліметінше, ғылыми орталық коронавирустан бөлек, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлы дерматитке және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығаруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Тоғыз айдың ішінде алып өндіріс жасағандарға алғыс айтты. Өйткені шетелде мұндай өндіріске 3-4 жыл уақыт кететінін еске салды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бәрі дұрыс. Келесі жылы осы жұмысты жалғастырамыз. Вакцина өте тиімді. Гуманитарлық көмек ретінде бұл вакцинаны Ауғанстанға және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр. Ризашылығымды білдіремін.

Д. Жарқынбек