Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем бойынша әлеуметтік желілер істен шықты

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2021
  • 1648

Кеше әлеуметтік желілерде болған  жаһандық ақауды  жұртшылық қызу талқылауда. Блогерлер шығындарды санап жатыр. Цифрлық апокалипсис әсіресе «Facebook» -ке оңай соқпады. Марк Цукерберг әлеуметтік медианың 6 сағаттық үзілісінде 6 миллиард доллардан астам қаражат жоғалтты.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Кеше кешкісін әлем бойынша Facebook, instagram, whatsapp желілері істен шықты. Жасыратыны жоқ, қазір әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам жоқ. Сондықтан бұл үзіліс кейбіреулерді елең еткізсе,  кейбіреу  жақсы болды дейді.

БЛИЦ:

- Сообщение деген бар ғой. Но ватцап пен инстаграм маңызды болғандықтан, қиындықтар болды.

- Кешкі уақыт болғандықтан, аса мән бермедік. Бірақ қызым жас болғандықтан ватцап желісі істемей тұрғанына біраз ашуы келді.

- Маған бәрібір. Интернетке тәуелді емеспін, бұл жай ғана техникалық ақаулар.


Ал, ғаламтор әлеуметтік желінің сәтсіздігі тақырыбындағы мемдерге  толды: бұл -«еске алу», ал Цукербергтің өзі -электрик рөлінде. Бірақ ақаудың себептері туралы ештеңе айтылмады. Мамандар, бұл кибершабуыл емес, адами фактор деп санайды.

Кандид ВУЕСТ, КИБЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЭКСПЕРТ:

Әрине, біз бұрын компания хаттамаларына шабуылдарды көрдік. Сондықтан бұл  қалыпты.  Бұл зиянды шабуыл емес, адамның қателігі.

Қазақстандық блогер Даулет Төлеутайұлы,  үзіліс кешкі уақытта болғандықтан, айтарлықтай қиналған жоқпыз дейді. Тек кейбіреулердің жоспарланған жұмыстарына кедергі келтірген болуы мүмкін.   

Дәулет ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ, БЛОГЕР:

Уақыт 21:39 шамамен таңғы уақытта іске қосылды ғой. Себебі бұл уақытта көп адамдар ұйықтап жатты, кешкі уақыт, істейтін шаруаларын істеп жатты, біздің Қазақстан халқы,соның ішінде блогерлер қатты бір зардап шекті деп есептемеймін. Дәл сол күнге бір инстаграм арқылы онлайн сабақ қойып коюы мүмкін, болмаса тікелей эфирлер оларға енді кішкене қиын болды. Қатты бір қиыншылық туды деп ойламаймын, бір күн жылжыта салар.

 
Әлеуметтік желілер жұмысының бұзылуы қарапайым қолданушыларға қарағанда,  одан ақша табатындарға  қатты әсер етті дейді сарапшылар. Айтуларынша,  оларға балама басқа нұсқа іздеудің уақыты келді. Әйтпесе, кешегі жағдайдың тағы да  қайталанбауына кім кепіл?  

Ә. Дүкембаева