Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жұмысшы әйелді қорлаған бригадирге қатысты сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2021
  • 1617

Алматыда  аты дардай құрылыс компанияның  бригадирі жұмысшы  әйелді қорлағаны үшін сотталды.  Енді ол 5 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Бірақ, сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.  Сондай-ақ сот оның бұрын істі болмағанын әрі кәмелет жасқа толмаған баласы бар екенін ескеріп, жазасын қауіпсіздігі орташа  түрмеде  өтеу туралы шешім шығарды.

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Соттың үкімімен сотталушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде азаматтың бұрын сотталмағаны, сондай-ақ асырауында қарт анасы мен кәмелетке толмаған бала бар екенін ескерді.

Естеріңізге салайық,  бұл оқиға биыл наурыз айында болған еді. Бригадир лифт операторы боп жұмыс істейтін 29 жастағы келіншекті «жаңа қызмет беремін» деп қызмет орнына шақыртқан. Әңгіменің басын содан  бастап, соңын жәбір көрсетумен аяқтаған көрінеді.  Әйелді ұрып-соғып, сыра ішуге мәжбүрлеген. Полиция бұған  қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Ә. Лесбек