"Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қарсаңында Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда. Ол сайлауалды уәделердің Шымкентте орындалу барысымен танысты. 9 айдың ішінде қалада 2025 жылға дейін жоспарланған 475 индикатордың 23% орындалған. Мегаполисте қазірдің өзінде 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй, бес медициналық мекеме және 115 спорт алаңы салынған. Сондай-ақ 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Партия төрағасының бірінші орынбасары филиал төрағасы - қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге N79 мектепке де барды. Ұстаздармен жүздескен Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көтерілгенін атап өтті. Ал 2024 жылға қарай партияның сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыру бойынша жалақы 2 есеге өсіп, 330 мың теңгеден асады.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасы тапсырмасы бойынша мен өңірлерді аралап, жергілікті бюджеттен ақша бөлінді ма, осы мәселе қалай орындалып жатыр. Біз нақты істермен партиясы ретінде оны орындалып тырысып жатырмыз. Жылдың бағдарламасы ішінде, 800 мектеп салыну керек, Қасым-Жомарт Кемелұлы оны айтты, соңғы жолдауда мың мектеп десе, халықтың саны артып келе жатыр, мысалы Шымкентте осы жылды 25 мектеп іске қосылды.
Төрағаның бірінші орынбасары «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен де кездесті. Болашақтық жастар Шымкентте өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді, ең алдымен жастар мен әйелдерді қолдау үшін онлайн-орталық ашқан. Мұнда IT, ауылшаруашылық технологиялары, сәулет, дизайн және басқа да салалар бойынша тегін кеңестер беріледі.
Бауыржан Байбек сондай-ақ Шымкент, Түркістан мен Қызылорда облыстары бойынша сайлау алды уәделердің орындалу барысына онлайн форматта шолу жасады. Ол жыл соңына дейін жекелеген пункттердің орындалмауы мүмкін екендігіне тоқталып, мәслихаттардағы филиалдар мен фракциялар басшылары осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін тапсырды.
Е. Карин