Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда аутизм орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2021
  • 3466

Елордада ерекше  балаларға арналған «ORDA AUTISM» түзету орталығы ашылды. 2017 жылы негізі қаланған орталық осыған дейін   700-ден астам     балаға көмек қолын созған.  Қоғамдық қор төрайымының айтуынша, мұнда  ғылыммен дәлелденген, ең тиімді, заманауи әдістемелер қолданылады және арнайы дайындықтан өткен  мамандар жұмыс істейді. Ерекше балғындардың ата-аналарына да психологиялық қолдау көрсетіледі.   Қазір орталықта 300-ден астам аутист бала ем алуда.

Салтанат ЕСМАҒАНБЕТОВА, «ОРДА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біздің орталық аутизммен ауыратын балаларға арналған. Орталықта біздің мамандар дефектолог, психолог, арт-терапия, мектеп алды даярлық  бағытында жұмыс істейді. 2 жастан-18 жасқа дейінгі балаларға  тегін көмек көрсетіледі.

Нұр-Сұлтанда алғаш рет америкалық музыкалық тыңдау бағдарламасы тәжірибеге енгізілген. Сабақтар жеке және топпен өтеді. Ерекше балғындардың аналары да жұмыспен қамтылған. Мамандардың айтуынша, елімізде аутизммен ауыратын балалардың саны өсуде.

Илья СКУПОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Статистикаға сүйенсек, қоғамдық қорлардың саны 50-ге жетіп қалды. Өкінішке орай, аутизммен ауыратын балалардың саны күннен-күнге өсуде.  Мемлекет тарапынан жыл сайын 80 млн теңге бөледі. Балалар дертінен жазылып кету үшін қаржылай жағынан көмектесеміз, қолымыздан келгенше көңіл бөлеміз.

Ә. Дүкембаева