Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада «Жастар жалыны-2021» шығармашылық байқауы басталды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2021
  • 2103

Елордада «Жастар жалыны-2021» шығармашылық байқауының ашылу салтанаты өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған. Айта кетейік, фестивальға қатысушылар 10 түрлі бағыт бойынша  бақ сынайды.  

Сайысқа 15 команда қатысуда. Олар заманауи би, ұлттық би , эстрада, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия,  сурет салу  бағыттары бойынша сынға түспек.  Мақсат -талантты жастарға қолдау білдіру, дейді жоба ұйымдастырушылары.

Қайрат ҚАМБАРОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Басты мақсатымыз жастарымыз арасында шығармашыл жастарымызды көрсету. Және сол жастардың арасынан дарынды және талантты жастарды байқау.Соларға көмектесу, соларға жәрдемдесу.

Жобаға қатысушылар саны карантинге байланысты шектеулі. Әр команда он адамнан ғана тұрады. Әмбебап сайысқа қатысушылар   ерекше дайындықпен келгендерін айтады.

Дияс ОМАРОВ, ҚАТЫСУШЫ:


Дайындық жаман емес деп ойлаймын. Үйде дайындалам. Осы бір апта бойы дайындалып жатырмын. Жақыс жаман емес болып жатыр.


Іс-шараға екпе қабылдаған қатысушылардың ғана қатысуына рұқсат етіледі.   15 университет қамтылған.

Жамбыл ТІЛЕПОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ "JASTAR" ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 
"Жастар жалыны" фестивалі он номинация бойынша өтіп жатыр.Еуразия Ұлттық университеті барлық номинация бойынша өтінім білдірді қатысуға. 10 номинация бойынша студенттеріміз бүгінгі таңда дайындалып жатыр. Алдағы уақытта дайындықтың нәтижесі оң болады деген сенімдеміз.

Қала жастарының шығармашылық дамуына үлес қосатын жоба жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде қоры -500 мың теңге. Шара  18 -қазанда қорытындыланады.  

Б. Сатуов