Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда троллейбус балаларды қағып кетті

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2021
  • 1633

Алматыда троллейбус жүргізушісі екі   жасөспірімді қағып кетті. Салдарынан 13 және 14 жастағы балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйлеріне жіберген.  Бірақ, бұл оқиға жұртты елеңдетпей қоймады.   Балалардың қатысуымен болатын жол көлік апаттары неге жиілеп тұр? Жеткіншектердің қауіпсіздігіне кім жауап береді? Әріптесім Әсем Лесбек әңгімелейді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жол апаты кешкі сағат 8-дер шамасында Абай даңғылы мен Брусиловский көшесінің қиылысында болған. Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан троллейбус жүргізушісі жеткіншектерді дәл осы жерде қаққан.

Соққы салдарынан 13 және 14 жастағы балалар  түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылар жағдайлары оңалғандықтан жеткіншектерді амбулаториялық емге жібердік дейді. Ал Полиция апаттың мән-жәйін анықтап жатыр.

АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


Нөмірі бесінші бағыттағы троллейбус жүргізушісі 2008-2009 жылы туған балаларды қақты. Қазіргі таңда іс материалдары Алматы аудандық Әкімшілік полиция басқармасына жіберілді.

Ал троллейбус паркінің мәліметінше балалар жол ережесін бұзған. Бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды самокатпен кесіп өтпекші болыпты. Парк өкілдері 29 жастағы жүргізушінің жеті жылдық тәжірибиесі бар дейді. Керісінше, балалардың көшеде самокатпен жүрмеуі керек деп отыр.
 
Мәулен ЖАНЕНОВ, АЛМАТЫ қ. №1 ТРОЛЛЕЙБУС ПАРКІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Сол самокатпен наезд на самоката болған. Қазір жол қауіпсіздігі гаимен оформлять еттік. Енді күтіп отырмыз қорытындысын. Мас болмаған. Экспертизадан өткен. Мына самокат деген мүлдем қиын жағдай. Қалада жүріп жатырмыз, көріп жатырмыз.


Қала тұрғындарының пікірі де осындай. Балалардың самокатпен жүруін тию қажет дейд.

БЛИЦ:

- Оған мен қарсымын. Өзім балаларыма алып бермеймін самокат. Мен өзім қорқамын кейде автобусқа мінуге де. Қатты жүреді. Жарысып.

-  Самокаттан шектеу керек әрине. 13, 14 жастағы балалар қазір мініп жүр ғой.

- Кішкентай балаға айдауға болмайды негізінде, бұрын мотоцикл айдау үшін 16 жас керек болатын. Қазір ол одан да қауіпті көлік.


Сондай-ақ жұрт электрлі самокат тізгіндегендер де  жоғары жылдамдықпен жүйткиді дейді.  Бұған қатысты да талай қайғылы жағдай болған.

Ә. Лесбек