Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды. Салдарынан қатар тұрған екі пәтердің бөлмелері өртеніп, кіреберіс есіктері зақымдалған. Тұрғындардың айтуынша, мұны осы үйде тұратын 11 жастағы бала әдейі істеген.
Үй тұрғыны Сәбит Сүгірәлиевтің айтуынша, газдың жарылуына көршінің 11 жасар баласы кінәлі. Осыған дейін жеткіншек қайта-қайта "жарамын" деп өзі айтып жүрген көрінеді. Бірақ оған ешкім құлақ аспаған. Енді соның кесірінен үйімнің күл-талқаны шықты дейді.
Сәбит СҮГІРӘЛИЕВ, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ:
Көріп жүрміз, бірінші қабатта өрт қойғанды да көргенбіз. Бірінші рет емес бұл, бірнеше рет қайталанып отыр, өрт шығып, аяғы үйі өртенді.
Көршілердің барлығы азар да безер. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық деп шулайды. .
Әсемкүл МЫРЗАХАНОВА, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ:
Сол баланы скорой-ға мінгізген кезде өзі айтқанын естігенмін, мен өртедім, тағы да өртейміз дайындалыңдар деп айтып жатыр ғой. Үкімет анама үй берсін сосын қоямын деп жатыр. Соған дейін өртей беремін, үйде кішкентай баллонмен дәу баллон дайын тұр любой уақытта жара саламын деп отыр.
Ал баланың анасы көршілерінің бұл сөздерімен мүлдем келіспейді. "Үйді ол әдейі өртемейді" дейді.
Әлия РАХМЕТОВА, ҮЙ ТҰРҒЫНЫ:
Экспертизаны 2 аптадай істейді деді. Мен баламды жамандап жатқан соң тездетсін деп сұрап жүрмін. Тездетеміз деді Құдай қаласа. 11 жастағы бала ғой. 11 жастағы балада ондай жоқ, әдейі барып бірдеңені өртеу деген.
Пәтер иелер кооперативінің де шыдамы таусылған, мұндай жағдай қайталанып отырады дейді төрайым.
Ақжарқын САПАРҚОЖАЕВА, ПИК ТӨРАЙЫМЫ:
Қайта-қайта астыңғы этаждар өртенді. Түнгі сағат 2-де,5-те, күндізде де. Қайта –қайта келеміз баласы астыңғы этаждарды өртеп жатады.
Бұл жолы газ баллондарының не үшін жарылғанын мамандар қазір анықтап жатыр. Оның нәтижесі алдағы күндері белгілі болады.
Ә. Дүкембаева