Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауруханада жұмбақ жағдайда көз жұмған ана мен балаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2021
  • 2311

Алматы облысының аудандық ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмған ана мен бала ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция Департаменті адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүргізуде.

Марқұм Айжан Шепенованың жақындары қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды. Айтуларынша, айы-күні жеткен әйелді Сарыөзек орталық ауруханасындағылар босандырмай бір апта ұстаған. Артынша толғақ дәрісін салып, әйелге кесір тілігін жасаған. Ал Айжанның өзі дәрігерлер салған дәріден кейін де толғағы келмей жатқанын жақындарына ватсап арқылы жеткізген.

Бақытжан ЕРМЕНТАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Бұлар вызывающий алып салып жіберген ғой. Кесарова жасайды деген  вызываюший салып жіберген. Содан балам да әйелім де қайтыс болды. Кеше 6 - да қайтыс болған. Бұлар маған бүгін сағат 5 те беріп отыр.

Марқұмның жұбайы әйелінің денсаулығына дәл осы толғақ дәрісі кері әсерін берді дейді. Себебі отадан соң әйелдің қаны тоқтамағанын айтады. Тіпті денесін де ешқандай құжатсыз берген көрінеді. Ал ақ халаттылар екеуінің өмірін сақтап қалуға тырысқандарын айтып, ақталды. Олар әйелдің жүрегі ота кезінде тоқтап қалғанын мәлімдеді. Дегенмен облыстық Полиция Департаменті қайғылы оқиғаға қатысты  тергеу жүргізуде.   Арнайы сараптамалар тағайындаған.  

Ә. Лесбек