Елбасы
мақаласында айтқан «100 жаңа оқулық» жобасын бойынша қазақ тіліне аударылуға
тиіс 100 оқулық қандай болмақ?! Бүгін осы сауал төңірегінде арнайы баспасөз
мәслихаты өтті.
Тілшілер сауалына жауап берген Ұлттық аударма бюросының басшысы
Рауан Кенжеханұлы қазірдің өзінде 20-ға жуық оқулық аударыла бастағанын айтты.
Сондай-ақ осы тақырыпқа қатысты «23-ші тамыз күні Алматыда «Қазіргі аударманың
теориясы мен практикасы» тақырыбында басқосу өтеді, барша аударма саласының
жанашырларын сонда шақырамыз» деді ол.
Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының басшысы:
Негізінен
аударылып жатқан философия, психология, әлеуметтану, экономика және
мәдениеттану секілді бағыттардағы оқулықтар. Осы жобаны жүзеге асыру барысында
әр кітап бойынша жеке-жеке жұмыс топтары құрылған. Жалпы алғанда, 90-нан астам
адам жұмыс істеп жатыр.