Русский Сайттың толық нұсқасы

Қысқы дөңгелектер тапшылығы туындауы мүмкін - сарапшы

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2021
  • 2182

Елімізде енді темір тұлпарларға қысқы дөңгелектер тапшылығы туындауы мүмкін. Сарапшылар  осылай дейді. Өйткені  ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы дөңгелектерді аз алған. Тапсырыс 30 пайызға азайған.  Бұл бағаға әсер ете ме? Тілшіміз Бекболат Сатуов тарқатады

Дағдарыс жағадан алғанда, жоқшылық етектен тартып жатыр. Жетіспеушілік қысқы дөңгелекке де жетті.  Сарапшылардың айтуынша биыл  тауарға тапсырыс  30 пайыз азайған.  Сондықтан дефицит болуы мүмкін дейді-мамандар.

Юрий НОМИКОСОВ, САРАПШЫ:

Ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы шиналар көлемін азайтты. Сондықтан мен автокөлік жүргізушілеріне соңғы күнге дейін күтпеуге кеңес беремін. Қар жаумай тұрып, шиналарды сатып алған жөн. Өйткені барлық адамға дөңгелек жетпей қалуы мүмкін.


Жағдайды білу үшін елордадағы базарлардың біріне бардық.  Тұтынушылар пікірі әр түрлі.   

БЛИЦ:

-Бағалар былтырғыға қарағанда қымбаттау ғо.
 
-Әзірге тапқан жоқпын іздеп жатырмын.


Дөңгелектің бағасы  өскен. Сатушылардың айтуныша, былтырғыға қарағанда  15-30 пайызға қымбаттаған.

Әмірбек КАРИМОВ, КӘСІПКЕР:

Баға мынау теңге мен доллардың айырмасына байланысты кішкене шамалы былтырғыға қарағанда қымбаттау.

Мұны экономистер  тасымал құнымен байланыстырады. Өйткені пандемия басталғалы жеткізу құны бірнеше есеге артқан.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Шегерілген сұраныс деген бар. Мәселен мен бір алатын нәрсені өткен жылы алатын болсам үйде отырдым да алмадым.Балаларыма форма дейміз ба, көліімізге заттар дейміз ба, алмадық. Ал бүгінгі күнге келгенде сұранысқа бірден шығады да сол жаңағы шинағада сұраныс көбейіп кетуі мүмкін.Ал сұраныс көбейгенде оның бағасы да көбейеді.


Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Қыстық шина бізде өндірілмейді. Бірқатар өңірде зауыттар болған. Қазір ешқайсысы істемейді. Сондықтан еліміз импортқа тәуелді. Сондықтан баға жағдайға қарай құбыла береді дейді мамандар.

Б. Сатуов