Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында мектептің бу қазандығы жарылды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2021
  • 1221

Қызылорда облысы  Тасарық ауылындағы  бу қазандығы жарылған мектепте жағдай әлі қалыпқа келмеген. Пеш орналасқан  ғимарат опырылып, сол күйі қирап жатыр. Бірақ сабақ тоқтамаған. Ата-аналар балалардың суық ғимаратта білім алып жатқанына алаңдаулы.  

Едіге САПАРОВ, ТАСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Уайымдаймыз.Қазір енді күз болды. Нағыз жағатын кезі. Балалардан сұрап отырмын, киіммен отырамыз дейді барып.  Қазір күн салқын.


Жауаптылардың айтуынша мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Қазандықтар да айтарлықтай ескі емес еді дейді. Қазір оқиғаның себебін мамандар анықтап жатыр. Ал мектеп басшылығы оқушылар тоңып қалмайды деп отыр.

Әлия ТАЛҒАТБЕКҚЫЗЫ, №238 ОРТА МЕКТЕП  ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Күн суытқан жағдайда электрлі уақытша бу қазандықтары қосылады деп жоспарлануда. Бүгін осы мақсатта барлық қондырғылар жеткізілді мектепке.

Б. Сатуов