Қызылорда облысы Тасарық ауылындағы бу қазандығы жарылған мектепте жағдай әлі қалыпқа келмеген. Пеш орналасқан ғимарат опырылып, сол күйі қирап жатыр. Бірақ сабақ тоқтамаған. Ата-аналар балалардың суық ғимаратта білім алып жатқанына алаңдаулы.
Едіге САПАРОВ, ТАСАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Уайымдаймыз.Қазір енді күз болды. Нағыз жағатын кезі. Балалардан сұрап отырмын, киіммен отырамыз дейді барып. Қазір күн салқын.
Жауаптылардың айтуынша мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Қазандықтар да айтарлықтай ескі емес еді дейді. Қазір оқиғаның себебін мамандар анықтап жатыр. Ал мектеп басшылығы оқушылар тоңып қалмайды деп отыр.
Әлия ТАЛҒАТБЕКҚЫЗЫ, №238 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Күн суытқан жағдайда электрлі уақытша бу қазандықтары қосылады деп жоспарлануда. Бүгін осы мақсатта барлық қондырғылар жеткізілді мектепке.
Б. Сатуов