Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда МАЭС-1 мен МАЭС-2 апатты жағдайда істен шықты

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2021
  • 1437

Екібастұзда  электр қуатын өндіретін екі энергоблок апатты жағдайда істен шықты. Мамандардың айтуынша, бұған құрал жабдықтардың ескіруі себеп болған.  Салдарынан электр стансаларындағы генерациялық қуаттылық төмендеп кеткен. Оны азайту үшін «KEGOG»   жоспарлан тыс   электр энергия тұтынуды шектеді. Мамандар стансадағы ақауды дереу қалпына келтірген. «Самұрық-Энерго»  акционерлік қоғамы таратқан ақпарат бойынша, қазір екеуі де жұмыс істеп тұр. Электр қуатын өндіру кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Тек №7 станса  жоспарлы жөндеуге жабылған.  

А. Қуаш