Русский Сайттың толық нұсқасы

Алаяққа алданған жігіт өз-өзіне қол салды

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2021
  • 3045

Жүздеген адам тағы бір қаржылық пирамиданың құрбаны болды. Автосалон сатушысы ретінде  тұтынушыларды арзан көлік алып береміз деп алдаған. Бірақ, ақшаны алып, тайып тұрыпты. 150-ден астам адам   миллиондаған қаржысынан айрылып, сан соғып қалды.  Тіпті біреу өз-өзіне қол жұмсаған көрінеді. Тілшіміз Динара Жарқымбектің репортажы.
 
Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқтарға алданған Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны өз өзіне қол салған. Ақшасын да,  көлікті де күте алмаған көрінеді.   

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Бұл туралы аталмыш компанияға шағымданушылардың бірі Ильин Демьян баяндады. Оның айтуынша, қаза тапқан ер адам төмен бағада көлік сатып алып, қайта сату үшін аталған компанияға 200 млн-нан астам қаржы салған. Кәсіп қылам деп, өмірінен айрылған жігіт қомақты ақшаны жақындарынан, банктерден жинап алған көрінеді. Оған уәде етілген көліктерді компания 1 жарым жыл бойы "әне береміз, міне береміз" деп созбақтаған. Ақыр соңы алданғанын түсінген азамат өз өзіне қол салды дейді.


Демьян ИЛЬИН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Біз оның анасымен байланысқа шықтық. Оның да қолында келісімшарт болған. Компания басшысы ешнәрсе істей алмайсың деп оны да шыгарып салган. Ақыр соңы жігіт өз өзіне қол жұмсады.

Демьянның айтуынша, аталмыш компания автокөліктерді нарықтағы бағадан 1,5-3 млнға  төмен көрсеткен. Бастапқыда  олар  сенімге кіру үшін тапсырыс берушілерге 10-нан астам  автокөлікті уақытылы, уәде етілген бағада жеткізіпті. Сондықтан , Демьянда  да күдік болмаған. Кейін ғана бір шикіліктің барын түсініп, өзі секілді өзге жәбірленушілерді іздестірген. Оның айтуынша, алданғандар әсіресе Нұр-сұлтан мен Шымкент қалаларында көп.

Демьян ИЛЬИН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қолыма келісімшарт құжаттарын берді. 45 жұмыс күннің ішінде мен өзіме уәде етілген 2017 жылғы тайота камри колигин алатынымды айтты. Айтқан уақыт өткеннен кейін мен сезіктене бастадым.  


Бұл азаматтардың мәліметінше, компания Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыс істеген. Егов сайтында жәбірленушілердің бірі компанияның байланыс номерлерін қалдырыпты.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Аталмыш компанияға қазір хабарласып көреміз.  Өздеріңіз көріп тұрғандай, телефон сөндірулі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталмыш қылмысқа қатысты екі күдікті қамауға алынған.

Д. Жарқынбек