Русский Сайттың толық нұсқасы

Табиғи құбылыс па, әлде экологиялық апат па?

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2021
  • 3435

Табиғи құбылыс па, әлде экологиялық апат па? Әлеуметтік желідегі Каспий теңізі  жағалауынан түсірілген видео атыраулықтардың алаңдаушылығын туғызды.  

Бейнекөріністе Каспий теңізінің суы бірнеше метрге тартылып кеткені анық көрінеді.  Әдетте суда тербеліп тұратын қайықтар қайраңда қалған. Бірақ автор бұл Каспий теңізінің қай жағалауы екенін нақтыламайды. Мамандардың айтуынша, бұл Атырау облысы Құрманғазы ауданының аумағы болуы мүмкін. Ал түсіріп тұрған азамат сол жердегі балық кооперативтерінің балықшысы болуы ықтимал.  Ардагер балықшы Санат Тілепбергеновтің айтуынша, бұл жылына бірер мәрте болып тұратын табиғи құбылыс. Қатты желдің екпінімен тартылып, кейін қалпына келеді,- дейді. Дегенмен өткен ғасырдың 90ыншы жылдарымен салыстырғанда Каспий теңізінің бірнеше шақырымға дейін алыстап кеткеніне алаңдаушылығын жасырмады.    
 
Санат ТІЛЕПБЕРГЕНОВ, АРДАГЕР БАЛЫҚШЫ,  «ҚАЗАҚ БАЛЫҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТЫРАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Каспий теңізінің суы көтерілуі, төмен түсуі барлығы желге байланысты. Жоғарыдан су келмесе. Еділ өзеніне әсіресе, Жайық өзендеріне келмесе көтеріле қоюы судың қиын болады. Оның үстіне, өздеріңіз байқап, отырсыздар ғой Қашаған, Теңгиз барлығы жұмыс істеп жатыр. Алынған мұнайдың орнын сумен толтырады ғой. Қалай болғанда да. Оны да ойлап қою керек.


Б. Нәдірқызы