Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай екі есе артады

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2021
  • 3438

Мұғалімдердің жалақысы 2023 жылға қарай екі есе артады. Мұндай жоспарлар «Нұр Отан» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамытудың республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Қазірдің өзінде ұстаздардың жалақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ, сынып жетекшілігіне, тәлімгерлікке, магистратураға, ағылшын тілінде пәндерді оқытуға төленетін қосымша төлемдер ұлғайтылды. Педагогикалық этика мен мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша арнайы Кеңестер құрылды. Сонымен қатар, Кеңес мүшелері білім саласындағы проблемаларды да атап өтті. Осы жылдың соңына дейін елордада құрылыс жүріп жатқан кейбір мектептер уақытынан кеш тапсырылуы мүмкін. Оған қоса педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі жалғасуда, салаға 700 -ден астам маман қажет.

Шолпан КАРИНОВА, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ағымдағы жылы 75 мың нан аса педагогтарды қамтитын 1000-ға тарта біліктілікті арттыру курстары жоспарланып, тиісті қаржыландырылды. 2020-2023 жылдары аралығында біліктілікті арттыру курстарының білім беру сараптама жүргізу үшін, сараптамалық кеңестер құрылды.


А. Базарбай