Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан – достық әлемі» атты фестиваль өтті

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2021
  • 2346

Елордада Қазақстан халқы  достығының 22 -ші фестивалі өтті. Дәстүрлі шара биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы 17 этномәдени орталығының өкілдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.


«Қазақстан-достық әлемі» фестивалінің мақсаты –  этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру. Сондай-ақ дәстүрлі мереке еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің өз тамырларын есте сақтауына, ұлттық дәстүрлерін қалпына келтіруге  мүмкіндік береді.

Дмитрий ОСТАНЬКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ «РАДИМА» БЕЛАРУСЬ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстан ассамблеясы үшін маңызды мереке. Жыл бойы осы шараға  көрермендеріміз үшін барымызды салып дайындаламыз. Өз өнеріміз арқылы елдер арасындағы татулықтың нышанын, мейірімділікті, махаббатты көрсетеміз.


Шараға мемлекеттік органдардың, елшіліктердің өкілдері қатысты. Елордадағы  этномәдени орталықтардан  17 шығармашылық ұжым өнер көрсетті.  

Ханифа МАЦИЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ  «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Баршаңызды осы мерекемен құттықтағым келеді. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы арта берсін.

"Әлемнің кейбір аймақтарында ұлтаралық және конфессияаралық шиеленіс күшейіп тұрған кезде қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық келісімді сақтау ерекше маңызды" дейді  ішкі саясат басқармасы басшысы Дәурен Бабамұратов.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ «ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ» БАСШЫСЫ:
 
Биылғы  біздің дәстүрлі фестивалін тәуелсіздіктің 30- жылдығына арнап отырмыз, Бұл жердегі ең негізгі мақсат, мынау біздің қаламыздағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы әртүрлі этнос өкілдері бар солардың өнерін тамашалау. Бірлік пен татулық мынау біздің ең негізгі, ең басты құндылықтардың бірі соның аясында ұлттардың арасындағы, этностардың арасындағы достықты нығайту.


Тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір. Елімізді мекен еткен түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бір атаның баласындай тату -тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл шара соның тағы бір дәлелі. Этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдардың ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтып, оны одан әрі дамыту жолында атқарып жатқан еңбектері бағаланып, оларға алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.  

Ә. Дүкембаева