Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да жол апатынан екі адам тірідей өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2021
  • 1149

Батыс Қазақстан облысында екі адам тірідей жанып кеткен жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ әзірге қайғылы жағдайға кім кінәлі екені белгісіз.

Облыстық Төтенше Жағдайлар департаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасы Орал-Атырау трассасында болған. Куәгерлердің айтуынша, екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, екеуі де бірден отқа оранған. Жеңіл мәшинедегі жолаушыларды жолай өтіп бара жатқандар әрең шығарып алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.  Бірақ екінші көліктегілерді құтқару мүмкін болмады дейді. Ондағы екі адам  тірідей өртеніп кеткен.

Ерлан ХАКИМОВ, БҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі және жолаушысы сол жерде қайтыс болды. Қазіргі кезде бұл деректер бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Нәтижесінде заңды шешім қабылданады.


Е. Карин