Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда зорлық көрген екі қыз әділдік іздеп жүр

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2021
  • 1354

Алматыда  екі қызға зорлық көрсетілген. Бұл екі қылмыстың бір- бірімен байланысы жоқ. Бірақ екі жәбірленуші де әділдік іздеп жүр. Қыздардың бірі отырысқа барып, зорлық көрсе, екіншісін   тазалықшы болып жүргенде  екі жігіт қорлаған. Айтуларынша,   бұған полицейлер көз жұма қарап, қылмыстық іс қозғамаған.  Ал заңгер бұған жемқорлық әсер етуі мүмкін дейді.

Сергей УТКИН, ЗАҢГЕР:

Мұндай ауыр қылмыстарды жасыруға тырысатын, арызды қабылдамай қайтарып жіберетін құқық қорғаушылардың әрекеті де қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Бұл орайда жемқорлықтың тергеушілер арасында  да барын байқауға болады.

Ал қалалық Полиция Департаменті бұл екі іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Күдіктілер қолға түсіп, олардан жауап алынуда дейді. Қылмыстық істер «зорлау» бабы бойынша қаралып жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш қылмыстық істер сот алды біріңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 120-шы бабы бойынша тіркеліп іс бойынша сезіктілер анықталып, қазіргі таңда тергеуге алынды. Сонымен қатар қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Ә. Лесбек