Елде соңғы екі аптада сырқаттану көрсеткіші 11%-ға төмендеді. Өлім-жітім азайған. Бірақ карантиндік талаптар әлі сақталады. Эпиджағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта төрт өңір - Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бес облыс– "сары аймақта. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары. Алайда, елордалықтардың қуануына ерте. Жауаптылар қатаң карантин бас қалада тағы бір апта сақталады дейді.
Б. Сатуов