Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз қаласында жол сапасы үшін 190 шенеунік жазаланды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2021
  • 1571

Жамбыл облысында сапасыз жол үшін шенеуніктер жазаланды. Полиция департаментінің айтуынша, тексеру барысында облыстық маңызы бар жолдарда 639, республикалық маңызы бар трассаларда 762 кемшілік  анықталған. Әсіресе жол белгілерінің қойылмауы, асфальт-бетон жабындысының талапқа сай болмауы, жол жөндеу  жұмыстарының сапасыз жүргізілуі жиі кездескен.  Тексеру нәтижесінде  190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жайдарбек ҚҰТТЫБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жамбылы облысында 190 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жаза тартылған. Уақытылы мынау жол-жүріс қағидаларының нұсқауларын орындамағаны үшін.


Б. Жұмабайұлы