Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда зиялылардың ескерткіштері қоқыс үйілген жерден табылды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2021
  • 3060

Қызылжарда қала билігі зиялы қауым өкілдерінің ескерткішін қоқыс үйілген жерге апарып қойған. Бұл   қала тұрғындарының ашуын туғызды. Олар  Қожаберген жырау, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтпаев, Федор Достоевский мен Иван Шуховтың мүсіндері, қалалық мәдениет үйінің артында тұрғанын байқаған. Ал маңайында түрлі қоқыс шашылып жатыр дейді.  12 тас мүсін мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалып, 2010 жылы орталық саябаққа қойылған. Енді олар неге керексіз болып қалды? Сауалды жергілікті шенеуніктерге қойдық. Олар ескерткіштердің ескіргенін, сондықтан алып тастағандарын айтып ақталды. Алты ескерткішті қалалық мәдениет үйінің артына апарып қойған, ал қалған алтауының қайда кеткенінен бейхабар.

Азат ЫБЫРАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мүсіндердің астындағы тұғырлар тозып кеткен себептен әкімдік оларды осында уақытша орналастырды. Қазіргі таңда біз тұғырдың ақшасын санап жатырмыз. Келесі жылдың басында орналастырамыз деген ойдамыз. Бірақ қай жерге орналастыратынын оның шешімі әлі қабылданған жоқ.


А. Құрманкин