Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық мәслихат депутаттары емханаларға 200-ге жуық оттегі аппаратын сыйға тартты

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2021
  • 1733

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «30 игі іс» жобасына елордалық депутаттар да атсалысты. Халық қалаулылары   емханаларға сый жасады. Оттегі концентраторы, дәрігерлерге қажетті қорғаныш костьюмдері мен медициналық құрылғылармен қамтамасыз етті. Депутаттық корпус берген құрал-жабдықтар Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемелеріне бөлінген. Сондай-ақ, депутат Талғат Қожахметов  өз атынан бас дәрігерлерге емхана заттарын табыстады.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қосымша көмек өзіміздің депутатттық корпустың атынан демеушілік көмек жалпы 200-ге тарта оттегі демалу аппараттары әдейілеп біздің медициналық орталықтарымызға, емханаларымызға және де ауруханаларымызға арналған.

Талғат ҚОЖАХМЕТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мынау бәрі рас айтқанда керек болмасын, ешкім ауырмасын. Бірақ енді әр жағдай болады. Сондай жағдай болғанда қолдың астында болсын. Енді қысылған кісіге жәрдем беретін болсын.

А. Базарбай