Русский Сайттың толық нұсқасы

Темекіге шекті баға бекіткен министрлік азық-түлік бағасын тұрақтандыра алмай отыр

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2021
  • 2001

Темекіге шекті баға бекіткен министрлік  азық түлік бағасын неге тұрақтандырмайды? Бүгін Сенатор Бауыржан Қаниев  осылай деді. Азық-түлік бағасына жауаптылардың әлі де әрекетсіз жүргеніне шүйлікті.  Депутаттың айтуынша, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі шамамен 30 пайыз, ал азық-түліктің 70%-ы-  импорт. Бұл әрине, бағаның өсуіне әкеледі дейді ол. Сондықтан  депутат Үкіметке  жағдайды жақсарту үшін нақты қадам керек екенін айтты.

Бауыржан ҚАНИЕВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мемлекет басшысы өзінің жолдауында тапсырма берген үкіметке, бағаны тұрақтандыру жөнінде.Үлкен тапсырма берген. Сол тұрғыда мінекей 2 ай өтті. Әлде де нәтиже болмай отырған жағдайда. +Әрине кеше бір министерстваға  мен сұрақ қойғанмын.Осы қазіргі таңда темекілікке шектеу баға қойып жатыр олар. Мен сол кезде сұрақ қойғанмын. Неге темекіге шектеу баға қоясыздар, неге азық- түлікке шектеу баға қоймайсыңдар деген сұрақ қойдым.


Сондай-ақ Сенаттың кезекті отырысында мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша заң жобасы қаралды. Оны Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев таныстырды. Алайда министр депуттардың  сауалына  қиналды ма, біраз кібіртіктеп қалды. Мемлекеттік тілде сөйлей алмай, сүрінген жас министр журналистерге де төбе көрсетпеді.

Әсет ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Бір бөлігі Үкіметке, үкіметтен қаржы министрлігіне беріледі. Ал стратегиялық субьект  бойынша шешім қабылдау құқығы үкіметте қалады.


Б. Сатуов