Русский Сайттың толық нұсқасы

Есірткіге қарсы күрес шаралары нәтижесіз- М.Ахмедов

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2021
  • 1936

Есірткіге қарсы күрес шаралары нәтижесіз. «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері осылай дейді. Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовтың пікірінше, мұндай іс-шаралардың басым көпшілігі есеп беру үшін ғана өткізіледі, сондықтан олар нақты нәтиже бермейді.

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әдетте әлеуметтік желілердегі нөмІр жасырынған байланыс тек арнайы  бот арқылы орнатылады. Бізге баяндама, сонымен қатар ақпарат келіп түседі 800 канал жаптық, 900 канал жаптық деп. Бір күнде 800 канал жабылса, ертесі күні мың жарым канал ашылып жатыр. Сондықтанда бұл мәселе уақыт күттіртпейді.Өте өзекті.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2019 жылы  наркологиялық есепте 22 мың адам тұрса, өткен жылы бұл көрсеткіш сәл төмендеген. Бірақ  соңғы 5 жылда синтетикалық есірткіге тәуелділердің саны артқан.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Шамамен 47 мың жас жоғары қауіпті аймақта, олардың 20 мыңға жуығы тәуелді. Есірткіге тәуелділердің ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында тіркелген. Алайда, мұның барлығы таза медициналық көрсеткіштер, бұл – диспансерлік есепте тұрған және ем алатын адамдар. Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіден хабары барлардың көп екеніне назар аудартқым келеді.

Б. Сатуов