Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды темекіге шектеу қойылады

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2021
  • 3417

Елімізде кейбір темекі өнімдеріне шектеу қойылады. Әсіресе қазір жастар арасында танымал болған  вейп-отандық нарықта түбегейлі жойылмақ. Мамандардың айтуынша, ол адам өмірі үшін  өте қауіпті. Тақырыпты тілшіміз  Динара Жарқынбек тарқатады.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Вейп- буды жұту және шығару дегенді білдіреді. Расымен, де сәнді, ыңғайлы, бастысы жағымсыз иіс жоқ. Вейпке әсіресе, жастар мен  жасөспірімдер әуес.  Бұл шылым түрі кез-келген дүкенде,  тәттілердің қасында тұрғандықтан   балалар оны зиянды деп ойламайды  дейді мамандар. Бұл табак өнімінің құрамы қандай екені  әлі күнге белгісіз.  Мамандар оны зерттеу үшін біраз уақыт қажет дейді.

Жәмиля САДЫҚОВА, "ҚАЗАҚСТАНДЫ ТЕМЕКІ ТҮТІНІНЕН АЗАТ ЕТУ" ҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІ:

Мұның құрамында не бар екені беймәлім. Біз тек 4 заттың бар екенін білеміз. Ол полипропеленгликоль, глицерин, никотин. Негізі оның құрамын зерттеу өте қымбатқа түседі. Бір жағынан оны зерттеуге бізде уақыт та жоқ.

Әлемнің 30 шақты елі вейптен  мүлдем бас тартқан. Қазір  мамандар оны біздің де нарықтан жою үшін жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік,   шылымның бұл  түрі Қазақстанға  7 жыл  бұрын келген.  

Жәмиля САДЫҚОВА, ТЕМЕКІГЕ ҚАРСЫ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІ:

Біз бұл өнімді зиян екенін түсіндіріп, шектеу үшін жыл кетеді. Бірінші экономика министрлігінде идеяны қорғап шығу керек, одан Мәжіліске барады, осылайша соңына Президентке барады.

Дәрігер темекі өнімдерінің қай түрі болса да адам ағзасына әсіресе жасөспірімдердің денсаулығына аса қауіп төндіреді дейді. Себебі, ағза жас болғандықтан сырттан енген   зиянды қоспаны терең сіңіреді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ, ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ:

Химиялық қоспалардың барлығы қабыну процестерін дамытып, осы асқынуларға алып келуі мүмкін. Тіпті өлімге дейін алып келуі мүмкін.

Азаматтар да оның  зиян екенін жақсы біледі. Біле тұра, елемейді.

БЛИЦ:

- Курил, привычка была. Охота было. Но и щас охота.

- Ну, мне легкие отрезали. Курил. Все курят. Не желаю, не советую.


Биыл елімізде сәуірден  бастап өнімді таңбалау арқылы бақылау жүмысы тәжірибеге енгізілген. Бұл жүйе электронды темекі айналымын және импорттау барысын қадағалауға септігін тигізетін  көрінеді.

Дәурен КЕҢБЕИЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазіргі таңда электрондық темекілердің айналымын шектеу үшін техникалық регламент енгізді. Электрондық темекіге талап деген техникалық регламент әзірледік. Осы мемлекеттік органдарда келіссөздер жасалып жатыр. Біз оны қолдаймыз.

Мамандар соңғы уақытта  жастар арасында электронды темекілердің сәнге айналғанын айтады. Бірақ, денсаулықтың сәннен маңызды екенін естен шығармауға кеңес береді.

Д. Жарқынбек