Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда жұқпалы аурулар ауруханасы отқа оранды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2021
  • 1643

Павлодарда жұқпалы аурулар ауруханасы отқа оранды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер келгенше 112 бала өздігінен сыртқа шығып үлгерген. 14 науқасты құтқарушылар алып шықты. Дегенмен 17 адамға алғашқы медициналық көмек жасалды. Ресми ақпарат бойынша тілсіз жау түнгі сағат төрттер шамасында басталған. Өрт сөндірушілер бас-аяғы 20 минуттың ішінде қызыл жалынды өшірді. Тілсіз жау жалаталарға жетпеген, түтінге уланғандар да жоқ. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы хабарлауынша науқастар көрші ғимаратқа көшіріліп, ем-домын жалғастырып жатыр. Шығын көлемін арнайы құрылған комиссия анықтайтын болды.

Ренат ВАЛИШАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде санитарлық бекеттегі пластик есік жанып жатты. Кіреберіс есіктің үстіндегі электр шамы қызып,  соның салдарынан өрт болған. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау осы жерден шығуы мүмкін. Нақты қорытындысы тексеруден кейін белгілі болады.

Ө. Қуанар