Русский Сайттың толық нұсқасы

Газ өңдеу зауытында өрт шықты: апатқа кәсіпорынның өзі кінәлі

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2021
  • 1681

Жамбыл облысында тағы да төтенше жағдай. Бұл жолы газ өңдеу зауытынан өрт шықты. Ішінде 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар жанып кетті.  Мамандардың айтуынша, апат  техникалық процестің бұзылуынан болған. Төтенше жағдайлар департаменті наурыз айында нысанға тексеру жүргізу барысында  6 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылғанын анықтаған. Сол кезде ескерту жасалып, айыппұл салынған. Бірақ,  жүргізілген шара өз нәтижесін бермеген сияқты.

Мақсат ӘКІМБАЕВ,  ЖАМБЫЛ о. ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Өрт оқиғасы 13 сағат 05 минутта оқшауланып, 13 сағат 24 минутта толық жойылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде қасындағы тұрған басқа да  резервуарларға суыту, салқындату жұмыстары жүргізіліп олардың бәрін аман алып қалды.

Ал  ауыл тұрғындары мұндай жағдайдың былтыр да болғанын  айтады. Содан әбден шошынып қалған халық күнде  жарылыс болып қалмай ма деп жанымызды шүберекке түйіп отырамыз, дейді. Сондықтан олар кәсіпорынды басқа жерге көшіруді талап етеді.  

Мәмбет СҮГІРБЕК, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Не күндіз, не түнде тыныштық жоқ. Себебі, мына жерде иіс шығады. Бүйтіп өмір сүргеннен тозақта өмір сүрген оңай-ау бізге. Именно осы халықтың жан айқайын түсініп осының шешімін табатын кісілердің құлағына алтын сырға дейміз.


Мақсат ҚАЛҚУОВ, АСА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімдіктегілер қашыңдар, анау-мынау деп жатыр. Ол болмайды ғой түнде жарылса не істейміз біз мына жерде ушығып жатыр мына жерде. Жалпы, біздің жаптырғымыз келеді.

А. Данияр