Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлықтың жеке мәліметін жасырын қолданып жүрген өзінің бөлесі боп шықты

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2021
  • 1803

Қостанайлық азаматтың  жеке мәліметін жасырын қолданып жүрген өзінің  бөлесі боп шықты. Естеріңізге салайық,  бірнеше күн бұрын,   төрт жылда 17 әкімшілік айыппұл төлеуге мәжбүр болған қостанайлық тұрғын туралы бейнематериал берген болатынбыз. Хаттама Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында толтырылған. Ал Қазбек Арықов   мүлдем онда бармаған. Сондай-ақ,   оның атына белгісіз біреу қомақты  несие де рәсімдепті.  Полицейлер қостанайлық азаматтың жеке мәліметтерін жасырын пайдаланып жүрген   адамды  анықтады. Күдікті оның бөлесі екен. Елордада тұратын ол жеке куәлігімді жоғалтып алдым деген желеумен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген.  Қостанайдағы бөлесінің жеке мәліметтерін нұсқап,  сырттай иемденіп алған.  
 
Ренат СЫЗДЫҚОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Елорда қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.Тиісті процессуалдық  шешім қабылданады.Әлгі азаматқа берілген құжаттың күші жойылады.Ал заңға сәйкес Қостанай тұрғынына қайтадан жеке куәлік дайындалады.

З. Санай