Ақтөбедегі Жаңажол кен орнында бүгін көлік қатынасы тоқтады. Мұнай компаниясына ақылы қызмет көрсететін жүргізушілер жолға шықпай қойды. Олар көліктерді жалдау ақысын көтеруді талап етуде.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» -дың компанияларына тиесілі 80 көлік қазір жол бойында қаңтарылып тұр. Еңбек инспекторлары Кеңқияқ пен Жаңажол кен орындарына барып, мәселенің мән-жайын анықтамақ.
Талғат ИСКАРИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
СНПС АТК деген компаниядан талап етіп отырғаны – атқарған қызметі үшін тарифтерін өсірсе екен дейді. Себебі оларда жанар-жағар май, оның ішінде дизельдік отын, солярка бағасы өскендіктен, табыстары мардымсыз дейді.
Г. Сейтенова