Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай компаниясының көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қойды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2021
  • 2459

Ақтөбедегі Жаңажол кен орнында бүгін көлік қатынасы тоқтады. Мұнай компаниясына ақылы қызмет көрсететін жүргізушілер жолға шықпай қойды. Олар көліктерді жалдау ақысын көтеруді талап етуде.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» -дың   компанияларына тиесілі   80 көлік қазір жол бойында қаңтарылып тұр.  Еңбек инспекторлары  Кеңқияқ пен Жаңажол кен орындарына барып, мәселенің мән-жайын анықтамақ.  

Талғат ИСКАРИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
СНПС АТК деген компаниядан талап етіп отырғаны – атқарған қызметі үшін тарифтерін өсірсе екен дейді. Себебі оларда жанар-жағар май, оның ішінде дизельдік отын, солярка бағасы өскендіктен, табыстары мардымсыз дейді.

Г. Сейтенова