17 жастағы қызды 17 адам жабылып зорлаған. Әлеуметтік желіде резонанс туғызған бұл істі Түркістан облысының бас полицейі өз бақылауына алды. Ал зәбір көрген жасөспірім бүгін тілшілерге сұқбат берді. Мәселенің анық-қанығы қалай? Әріптесім Айзада Төребекқызы баяндайды.
Жәбірленуші Дильноздың айтуынша, сол күні сыныптас қыздарымен базарға киім көруге шығыпты. Қайтар жолда танысы үйіңе жеткізіп салам деп көлігіне мінгізіп алған. Айтуынша, танысы оған жолда ішуге су ұсынған. Әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көреді.
Дильноз ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Бірінші судың алдында зорлады. Кейін бір үйге апарды, үйде зорлады, балаларды шақырды сол жақта да, кейін огородқа апарды. сол жақтан кейін тағы бір үйге келдік. Звондап шақырып беріп жібереді. Звондайды да шақырады. Береді. Кетеді ол. Келеді олар. Көреді. Жұмысын бітіреді. Кетеді. Тағын сөйтіп шақыра береді балаларды.
Төрт күннің ішінде кемі 17 еркек келді дейді Дильноз. Бәрінінің түрін ранып, атын жаттап үлгеріпті. Жас қызды қорлағандар қарсылық танытқанына қарамаса керек. Қатты қорқытты дейді қыз.
Дильноз ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Кетсең өлтіріп суға тастап кетеміз деді. Ешкім таппайды сені деді. Іздеп те таба алмайды деді. –кім айтты?-Бекзат деген бала, Данияр деген сөйтіп айтты. Қорықтым.
4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы Санавар ешқашан ұмытпайтынын айтады. Соқталдай жігіттер оны мүлдем аямаған дейді ол. Матап байлағаннан білегі көгеріп, көйлегінің дал-дұлы шыққан көрінеді. Бұл сұмдық мамыр айында болғанмен әлі күдіктілер бостандықта жүр деп ашынады қыздың анасы. Істі созбалаңға салуға полиция өкілдерінің бір қатысы бар ма деп те қауіптенетінің айтады.
Санавар ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ, АНАСЫ:
Негізі ақша ап қоймаған болса мен келсем Бақытжан ағай маған неге өйтіп айтады, -қайтіп айтады? -«Сен 5 млн алдың ғой енді дейді ғой.
Санавардың айтуынша, әу баста кешірім сұрап қайта-қайта келгендер моралдық шығын ретінде 8 млн теңге ұсынған. Оны жасырмаймын дейді. Бірақ «қызыңның болашағын ойла, оқуға түсіріп, куәлігін алып береміз» дегендер кешірім алғасын уәдеде тұрмағанын айтады. Жәбірленушінің қорғаушысы іс қысқармағанмен тым созылып кетті дейді. Сондай-ақ, басында-ақ сараптама дұрыс жасалмағанын айтады.
Асылбек ҚАБЫЛОВ, АДВОКАТ:
Бірінші сараптамамен келіспей, біз қосымша сараптамаға деп арыз жазып қойдық. Енді келешекте қосымша басқа сарапталармен келіспеген жағдайда және қосымша сараптама тағайындауға жазатын шығармыз. Алайда біз әлі сараптамалармен толық танысқан жоқпыз, толығымен. Олар әлі сараптама жүргізіп жатыр. Сондықтан біз әлі танысқан жоқпыз.
Ал полиция алғашқыда бұл істі «адам ұрлау» бабымен тіркегенмен, қазір «зорлау» бабымен қайта тергеп жатыр.
Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасымен қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Жәбірленуші тарап бүгін де полицияның қабылдауында болды. Адвокаттың айтуынша, күдіктілермен беттескен. Ал негізгі айғақ - қыздың киімдері қазір жоқ. Оларды анасы өртеп жіберген. Себебі, қыз өзіне бір емес алты рет қол салмақшы болған көрінеді.
А. Төребекқызы