Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық тұрғындар жуырда жер сілкінісінің қуатын өздері анықтай алатын бағдарламаға қол жеткізеді

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2017
  • 2415

Алматы тұрғындары жер сілкінісінің қуатын өздері анықтай алатын болады. Ол үшін арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығының» басқарма төрағасы Әнуар Боранбаев айтты. Жаңа жүйе ұялы телефонға енгізілмек. Ол жер дүмпуінің күшін анықтай алады. Жаңа бағдарлама қазір жан-жақты зерделеніп, толықтырылып жатыр. Ол Алматы облысының 200-ге жуық елді мекені енгізілген. Сейсмологтар бұл тізімнің ауқымын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Әнуар Боранбаев, "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" АҚ басқарма төрағасы:

Бұл бола қалған төтенше жағдайды жедел бағалау үшін жасалып отыр. Яғни, зілзала кіндігінің координаттарын мобильді қосымшада жаңа жүйеге енгізесіз, сол арқылы қанша баллдық жер сілкінісі болғанын біліп отырасыз. Жер дүмпуінің күшін сезіп, қандай да бір зақымның болғанын көріп, жалпы бұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсінесің. Қытайдағы жағдайды зерттеп, сүзгіден өткізіп, осындай нәиже шығарып отырмыз. 

Айта кетейік, 9 тамыз күні Қытайда болған 8 баллдық жер сілкінісінен кейін Алматыдағы  Сейсмология институты мамандарының арасында экологиялық қауіптіліктің "сары деңгейі" жариялап, жер сілнінісі деңгейін бақылауда ұстады. Бүгін "сары деңгей" алынып тасталды.