Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерекше балаларды музыкамен оңалту қолға алынбақ

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2021
  • 1460

Енді ерекше балаларды музыкалық терапия әдісі арқылы емдеу ісі қолға алынбақ.  «Nur Otan»  партиясы «Asyl äuen» әлеуметтік жобасын таныстырды. Жобаны «Biz Birgemiz» қоғамдық бірлестігі және «Jas Otan» жастар қанаты жүзеге асыруда. Мамандар музыкалық терапия оңалтуға зор септігін тигізеді дейді. Айта кетейік, мұндай ем түрі елде алғаш рет енгізіліп отыр. Сонымен қатар, барлық өңірде қолға алуды жоспарлап қойған. Ал, елорда да осы айдан бастап іске қосылмақ.  

Перизат ҚАЙРАТ, "BIZ BIRGEMIZ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жоба соңғы 10 жылда ауқымды атқарылып келеді АҚШ, Швейцария, Англияда. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз ерекше балаларға, жандарға көмек бере отырып, осы жобаны республика бойынша жүзеге асыру.

Жоба 3 негізгі кезең бойынша  жүргізіледі. Алдымен балалардың оңалту әлеуетін айқындау, сосын оларды музыкалық аспаптарында ойнауға бейімдеу. Дәрігерлер әсіресе музыканың классикалық жанры өте тиімді екенін атап өтті.

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ, АЛМАТЫ қ, ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 
Мына поп музыканың көбісі деструктивті ағымда болуы мүмкін. Рок музыкада, барлығы емдеуге келе бермейді. Әрине, классикалық музыка ритмі жағынан, тембрі жағынан және тербелістері жағынан, герцтары жағынан адамды емдеуге, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға ең жақсы бейімделген музыка болып табылады.


Д. Жарқынбек