Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте мектеп инспекторы оқушының басынан телефонмен бірнеше рет ұрған

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2021
  • 1772

Шымкентте мектеп инспекторы 10-шы сыныпта оқитын қыз баланың басынан телефонмен бірнеше мәрте ұрған. Анасы баласының миы шайқалып, жабық бас сүйек жарақатын алғанын айтты. Тіпті ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Мәселенің мән жайын әріптесім анықтап көрді.

Шымкент тұрғыны Бақытгүл Қожахметова, баласын ұрған инспектор жазасыз қала ма деп қорқады. Ересек қызын мектепте басқа емес инспектордың ұрғаны ақылға сыймайды дейді. Айтуынша, полиция өкілі қызын телефонмен басынан бірнеше рет ұрған. Соққы ауыр болғаны соншалық ауруханада жатып ем алып шықты деп отыр.  

Бақытгүл ҚОЖАХМЕТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:

Басына зақым келген, диагнозы осындай. Консультация невропатолога. 8-не невропатологқа. таппай сол үшін скороймен больницаға барғанбыз. Больницада емделіп жүрген кезде талып қалып реанимацияда жатып шықты. Қазіргі күйі сол құсады, тамақ ішеді құсады.

Анасы баласының осы оқиғадан соң қорқып қалғанын айтады. Болған жайтты оқушының өзі былай түсіндірді. Мектеп инспекторы сөмкесін ақтарған, кітаптардың арасынан темекі қорабын алып шыққан. Осыдан кейінгі жағдай оның кабинетінде өрбіпті.

Бұлбұл ӘБДІХАЛЫҚОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Инспектордың кабинетіне кірдім амандастым да, айттымда темекі менікі емес ол бастады кімдікі енді деп. Телефонымды тексерді, паролін ашып бер деді. Мен ашып бердім. Ішінде мама екеуміздің перепискамызды оқыды. Телефонымды алып басымнан ұрып жатыр.


Мектеп инспекторы осы оқиғадан соң, демалыс алып кетіпті. Мұны мектеп әкімшілігі айтты. Басы дауға қалған инспектормен тілдесіп, жағдайды білгіміз келген еді. Бірақ ол жауап беруден бас тартты.

Әлия АТАМБАЕВА, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ:

Ол бойынша жауап бере алмаймын. Оған пресс-служба ғана жауап береді. Кешіріңіз мен оған жауап бере алмаймын.


Бұл келеңсіздікке қатысты мектеп әкімшілігінің де жауабы қысқа болды.  

Роза АМАЛБЕКОВА, ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұрып-соқты дегенге мен жауап бере алмаймын. Өйткені өрескел нәрсе болар менің жағымнан. Ол үшін лауазымды қызметкерлер жауап береді.


Құқық қорғаушы мектеп инспекторының ұрғаны дәлелденсе, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін дейді.

Айдос ТҰЯҚПАЕВ, АДВОКАТ:

Кәмелет жасқа толмаған азматты оның заңды өкілінсіз немесе психологты тартпай, әңгіме жүргізуге құқылары жоқ. Инспектордың іс әрекеті оның нақты кінәлі екені дәлелденген жағдайда ол кісіге қылмыстық іс қозғалатыны сөзсіз.

Ұлттық денсаулық сақтау орталығының 2018 жылғы статистикасына сенсек, ел ішінде балалардың 66 %-ы мектепте зорлық-зомбылық пен шеттетуге ұшыраған. Тағы 24 %-ы басқаларына әлімжеттік көрсеткен.

Ә. Дүкембаева