Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2021
  • 2083

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылған. Жолаушылар тіредей жанып кетті. Тірі қалған 5 жастағы қыз бала ғана.  

Жантүршігерлік жол апаты таңғы сағат 10-дар шамасында Ұйғыр ауданындағы «Шонжы-Ақсу-Ұзынтам» тас жолында болған. Қатты соққы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында жан тапсырады. «Ниссан» маркалы автокөлігінің бір жолаушысы да сол жерде көз жұмған. Ал жарақат алған 3 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіледі. Екеуі алған жарақатынан ауруханада жан тапсырған. Тірі қалған 5 жастағы бала ғана. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда. Аталған жол апатына қатысты тергеу басталған.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ә. Лесбек