"Нұр Отан" партиясының тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Ардагерлерді ардақтайық" онлайн-акциясы қорытындыланды. Сайыс нәтижесімен ең үздік бейнеролик авторлары марапатталды. Шараға тыл және еңбек ардагерлері қатысқан. Оларға бейнероликте өздері туралы ақпарат беріп, сондай-ақ, Қазақстанның егемен ел атанғалы қол жеткізген жетістіктерін, Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуы жолындағы ерен еңбегін баяндау талабы қойылған. Байқау қорытындысымен 30 адам жеңімпаз деп танылды. Оның 4-і -Алматы қаласының тұрғыны. Солардың бірі-93 жастағы Надежда Непомилуеваның еңбегі әлеуметтік желіде көпшіліктің қолдауына ие болды.
Надежда НЕПОМИЛУЕВА, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:
Белсенді болыңдар, талапты, бастамашыл болыңдар, Тәуелсіз елімізді, отанымызды сүйетін азамат болыңдар.
Сайысқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскендерді де «Nur Otan» партиясы құр қалдырған жоқ. Оларға да сый-си япат жасалды.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жалпы еліміз бойынша 2000-нан аса ардагер акцияға қатысқан болатын. Ол кісілердің көргені біз үшін үлкен тарих осы тарихпен олар бөлісті. Біз осы тарихты әрі қарай жалғастыруға міндеттіміз.
Д. Жарқымбек