Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық өзін полицейлер аяусыз сабағанын айтып шағымданды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2021
  • 2639

Алматылық жігіт өзін полицейлер аяусыз сабағанын айтып арнамызға шағымданды. Бір емес бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті дейді. Олардың мұндай дөрекілігін Медеу ауданында телефон сататын өзгелерде растады. Басынан оңбай жарақат алған Айбол Алдухан кінәлілердің жауапқа тартуды сұрайды.

26 жастағы Айбол Алдухан тәртіп сақшыларының кесірінен есту қабілеті нашарлағанын айтты.   Құлағынан зақым алып, бас миы шайқалған. Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімшеде болды деп отыр.  

Айбол АЛДУХАН, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
 
Дос балам сол жерге түсіп қалады. Мен дос балама шәй тамақ апаруға барған кезде Медеу аудандық оперлар милиция қызметкерлері мені сыртқа шығарып құрдан құр ұрып соқты. Алмас және оның астындағы екі жұмыскерлері Ихтиор мен Нұрсұлтан. Машинаға отырғызып ішінде тағы ұрады мені. Ешқандай себепсіз. Өздері бірақ ішімдік ішіп алған.  

Жәбірленушінің өзі осы Медеу ауданындағы сауда орталығында жұмыс істеймін дейді. Телефон сатумен айналысатын ер адамды полиция қызметкерлері бопсалаған. Тауарларының заңсыз екенін айтып, тәркілеуге әкеткен.

Айбол АЛДУХАН, ЖӘБІРЛЕНУШІ:


Бізге постоянно келеді. Ақша сұрайды. Көп нәрсені тегін кеп алып кетеді. Жаңасы бар бәрі документпен бірақ сонда алып кетеді да. Біз офиц.ИП төлейміз. Документальный аламыз. Именно Медеу ауданында полиция бөлімшесі бәрі парақор ғой.

Әліптің артын бақсақ, тәртіп сақшыларының бопсалуынан шаршадық дегендер көп болып шықты. Негізінен телефон саудасымен айналысатындар. Олар тапқандарын полиция қызметкерлеріне беретіндерін айтып, шағымданды.  

Серік МЕЙІРЖАН, ТЕЛЕФОН САТУШЫСЫ:

Бұл жерде телефон сатуға болмайды дейді. Қандай телефондарын бар көрсет дейді. Мынау ұрланған дейді да мысалы, біз жеке куәлігін көрсетеміз сатып алған  адамның міне ұрланбаған мына кісіден алдық дейміз.


Заңгер полицияның әрекетін заңсыз деп бағалайды. Өйткені тәркіленген тауарлардың құжаты болуы шарт. Полицейлердің оларды алып кетпес бұрын, хаттама толтыруға міндетті екен.  

Камиша ЕСМҰХАМБЕТҚЫЗЫ, ЗАҢГЕР:
 
Кез келген затты Полиция өкілдері хаттама алу арқылы  яғни қаулыны шығарып бір көшірмесін заттың иесіне және бір көшірмесін өздері алып жатқандығы туралы қағаз беруі керек. Ол жерде мөр басылуы керек.

Дегенмен полицейлерден таяқ жедім деген алматылық, Полиция Департаментіне де арыз жазған. Сол арыздың негізінде 3 тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық іс қозғалыпты.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 
Қазіргі таңда өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдарын жүргізу үстінде.

Қылмыстық іс аясында сот медициналық сараптама тағайындалған. Бірақ заңға қайшы әрекетке барды деген сақшылар жұмысын жалғастырып жүр. Жәбірленуші құқық қорғау қызметкерлерін жұмыстан шеттетіп, әділ жазалауды сұрайды.  

Ә. Лесбек