Дәл осы жиында ел Президенті ауыл шаруашылығын субсидиялау жайына да тоқталды. Соңғы 5 жылда бұл мақсатқа 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты. Оның нәтижесін сұрады. Бюджет қаражаты жұмсалады, бірақ жұмсалуын бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық тиімділігі де болмай отырғанына шүйлікті. Осының негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне, прокуратураға тапсырма жүктеді. Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражаттың жұмсалуына кешенді сараптама жасауды тапсырды. Оған аграрийлердің өздерін де тарту керек», - деді мемлекет басшысы.